«Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес 2025 жылдың 26 мамырда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының өңірлік нышан жобаларын қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылаулар СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 8, «AMANAT» АФП отырыс залы мекенжайы бойынша өтеді.
Талқылауға қатысу үшін 2025 жылғы 25 мамыр сағат 12:00-ге дейін толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, сондай-ақ ұялы телефоны көрсетілген кандидатураларды ovp.zhambyl@mail.ru электрондық поштаға ұсыну қажет.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8 (71544) 2-18-41 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1002014?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау