ҚР Оқу-ағарту министрлігі: мектептерде 1700-ге жуық заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды
2024 жылдың басынан бастап елімізде 400 мыңға жуық жаңа оқушы орны құрылды. Соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің саны 3 есеге қысқарды. Жыл сайын мың ауыл мектебін жаңғырту, қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу және заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілі жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова хабарлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/1001686?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау