ШҚО-да құтқарушы-жасақтарды оқыту басталды. Басты міндет су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігі, сондықтан бағдарламаны ТЖД кәсіби құтқарушылары қатысушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету ережелерін, суда апатқа ұшыраған кездегі іс-қимыл дағдыларын, құтқару құралдарын қолдана білуді, қайықтарда патрульдеу техникасын игеруді үйретті.
Бүгінгі таңда 20-ға жуық жасақшы оқытылды, өтінімдер түсуді жалғастыруда. ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарайды. Сондықтан суда болатын оқиғалар және осындай жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін құтқарушы жасақшыларғажеткізді.
“Оқу процесі аяқталғаннан кейін арнайы куәлік беріледі. Құтқарушы-жасақтар жағажайларда кезекшілік етеді және қоғамдық жағажайларда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді”, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1002083?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау