«Жайлы мектеп» – жаңа тыныс!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырыла бастады. Бұл – еліміздің барлық өңірлерінде білім беру жағдайларын түбегейлі жақсартуға бағытталған ауқымды бастама.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында 29 заманауи мектептің құрылысы қарастырылған, оның 20-сы ауылдық жерлерде, 13-і пайдалануға берілді. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 16 мектеп іске қосылады деп жоспарланған.Бұл –  ауылдық елді мекендердегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Жайлы мектеп» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттар салу емес, еліміздің болашағына жасалған инвестиция.

19 мамыр күні Түркістан қаласында орналасқан осындай «Жайлы мектептің» бірі № 33 жалпы білім беретін ұйымның тыныс-тіршілігімен таныстым.

✔ Бүгінгі таңда мектепте 900 оқушы мен 100-ге жуық педагог бар.

✔ Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда кітапхана-медиатекада, кітап қорынан бөлек, электрондық оқулықтар, интернет-ресурстарға қолжетімділік, бейнематериалдар және басқа да медиа құралдар бар. Медиа кабинетінде мобилографиямен айналысуға, дыбыс жазуға арналған барлық құрылғы оқушыларға қолжетімді.

✔ Бүгінгі күнгі басты мәселе білім сапасы, жайлы орта қалыптастыру және бала өмірінің қауіпсіздігі туралы айта келе мектеп ұжымының оқу жылын абыроймен аяқтағаны үшін сәттілік тілеп, құттықтадым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1001765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version