Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінің қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19–21 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және дайындау, сондай-ақ еліміздегі білімнің беделін арттыру.

Олимпиада 12 пән бойынша — жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда — жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді.

Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірінен 530-дан астам оқушы қатысты.

Ақмола облысынан Олимпиадаға 19 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелер үшін Ақмола облысына командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2025» ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Жаныбаева Диана – Ақмола облысы білім баскқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшатау қаласының №5 көппрофильді Таңдау гимназиясының 8-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі  орыс тілі пәні бойынша;
  2. Куспаев Ибрагим -Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, физика пәні бойынша;
  3. Маратова Жансая – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, биология пәні бойынша;
  4. Смаил Айбын – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша.

ІІ-дәрежелі дипломмен география пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, Мустафин Альтемирмарапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Жулькенов Султанбек – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, математика пәні бойынша;
  2. Морозова Александра – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск каласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы, биология пәні бойынша;
  3. Иманғалиев Инсар – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, информатика пәні бойынша;
  4. Әлтәй Інжу – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша
  5. Рудниченко Дарья – Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;
  6. Гаранина Алина – Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

Грамотамен марапатталды:

  1. Майканова Айкенай – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша.
  2. Сапарбек Маржан – Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша;
  3. Рысдаулет Дина – Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

4.Даминов Дильдар – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, информатика пәні бойынша;

5.Бакберди Бауыржан – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәні бойынша.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1001848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version