Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Жиделіарық ауылдық округіне арнайы келіп, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарына республикалық бюджеттен сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына қаржы бөлінгенін жеткізді. Бұл жұмыс ауылдың инфрақұрылымын жақсартып, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-zhideliaryq/press/news/details/1001605?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау