Бүгін Атырау облыстық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы Абдолла Идресовтың төрағалығымен өтті. Комиссия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары қатынасты.
Күн тәртібіне қойылған «2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Шынар Елеусинова баяндады.
Басқарма басшысының орынбасары Шынар Елеусинованың баяндауынша,
2024 жылы кірістер 686 816,7 млн. теңгеге жоспарланып, 694 461,8 млн. теңге түсті немесе 101,1%, оның ішінде: Салықтық түсімдер 133 546,9 млн. теңгеге жоспарланып, 165 892,8 млн. теңге түсті немесе 124,2%. Салықтық емес түсімдер 30 272,4 млн. теңгеге жоспарланып, 31 591,9 млн. теңге түсті немесе 104,4% құраған.
Жалпы облыстық бюджеттің шығындары 99,5 пайызға орындалды, 729 106,9 млн теңге жоспарланып, 725 543,1 млн теңге игерілген. Игерілмеген қаражат 3 563,8 млн. теңгені құрайды.
Игерілмеген қаражаттарға байланысты басқарма басшылары игерілмеу себептерін түсіндіріп өтті.
Мысалы, құрылыс басқармасы бойынша, жобаларға түзету енгізілуінен Нұрсая ықшам ауданда ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы, Өркен ықшам ауданда ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы, жұмыстардың мерзімінде орындалмауынан: Исатай ауданында 250 орындық өнер мектебінің құрылысы, Миялы селосында өрт сөндіру депосының құрылысы, мәдениет нысандары мен денсаулық нысандарының құрылысы бойынша қаржы мерзімінде игерілмеген.
Сондай-ақ облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы бойынша жабдықталған жақтаусыз Ангар сатып алу өнім беруші келісім шарт талаптарын орындамауынан орын алған.
Бюджет қаражатының игерілуі бойынша депутаттар Зәмзагүл Қарсақова, Жеңіс Әбілкарес, Нұрлан Қайырденов, Нұрлыбек Даралиев, Айгүл Әмірғалиева, Константин Шин сұрақтарын қойып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізу, қаржы игерудегі кемшіліктерге жол берген басшыларға тәртіптік шара алу, өңірдегі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізілуін арнайы комиссиямен бақылауға ұсыныс берді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, қаулы қабылданды.
#тұрақтыкомиссия
#атырауоблыстықмәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1001314?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау