24 мамырда Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
Аталған іс-шараға Семей қаласы мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері белсене қатысып, қала аумағын тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Мұндай сенбіліктер тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.
Әр тұрғын өзінің туған қаласына жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосса – жарқын болашағымыздың негізі қаланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1019068?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау