Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2025 жылдың 20 маусым күні сағат 9-40-та Қаратал ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔻Қаралған мәселелер:
I. Қаратал ауданының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде өңірдің мемлекеттік мекемелер, қала және ауылдық округі әкімдері жағынан атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданған шаралары туралы.
(Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Р. Уалиев; Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Б.Адаев; Аудандық мансап орталығының директоры Д.Т.Ашықбаев; Ескелді ауылдық округінің әкімі Т.Ж.Балшенов)

🔻ІІ. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының әлеуметтік көмек алу шаралары туралы.

(Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Н.Жұманов)

🔻IІI. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығы деңгейін арттыруға бағытталған шаралар туралы

(Аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Қ.Тенелбаев)

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Үштөбе қаласы және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1023307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version