Бүгінде аудан аумағында орналасқан ауыз субұрқақтары жаздың аптап ыстығында тұрғындар мен қала қонақтарына таза ауызсу ішуге қолайлы жағдай жасап отыр. Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 13 орында орналасқан. Қолданушылар үшін тазалықты қамтамасыз ету мақсатында субұрқақтарға тұрақты түрде тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ауыз субұрқақтарын ұқыпты пайдаланып, қоқыс тастамауға, санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз.
Таза қала — өз қолымызда. Шымкенттің көркеюіне бірге үлес қосайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1023109?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау