Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Өскемен қаласындағы колледж студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заңгерлік мамандыққа қызығушылықты дамытуға бағытталды.
Кездесудің негізгі тақырыптары ретінде жасөспірімдер қылмысының және кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың профилактикасы, киберқауіпсіздік: фишинг пен интернет-алаяқтықты тану жолдары, есірткі мәселелері, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі мен құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Александров В.А. құқық қорғау органдары Академиясына түсу тәртібі туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, оқудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Прокуратура қызметкерлері қатысушыларды «Stop наркотик!», «Қауіпті нысандар картасы» және «URPAQ» бастамалық жобаларының іске асырылуымен таныстырып, сондай-ақ қолданыстағы «БҚАРК», «СДТБТ», «ӘІЖТ», «ТСОБТ» және «Мобильді прокурор» ақпараттық жүйелерін көрсетті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында студенттер ШҚО прокуратурасының музейіне барып, ведомствоның тарихымен және қызметімен танысты, жастарға есірткінің зияны туралы өткір мәселелерді қозғайтын «Еркіндік елесі» атты фильмді тамашалады, сондай-ақ прокуратура органдарымен жедел байланыс орнатып, құқықтық көмек алуға арналған «URPAQ» чат-ботының жұмысы туралы еске салынды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура өкілдерінен білікті жауаптар алды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1024398?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау