Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, ПБК төрағасы Нұрпеисов Болат Жұмабекұлы Құйған ауылында болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ол “Жол картасы” аясында жүзеге асып жатқан су құбырын қайта жаңғырту жобасының барысымен танысты. Мердігер мекеме – “Универсал Строй” ЖШС басшысы Бақтыбаев Мақсат Нұрділдәұлымен кездесті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары енді басталды.

Нысанда:
▪️ 6 жұмысшы
▪️ 1 эксковатор
▪️ 1 тиегіш техника (погрузчик)
жұмыс істеуде. Аяқталу мерзімі – 2025 жылғы тамыз айы.

Сонымен қатар ауылдық кітапхана жұмысымен танысып, кітапхана ұжымымен пікір алмасты.

Құйған ауылдық округінің әкімі Дайранов Бекбол Бақытбекұлымен кездесіп, ауылдағы өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға (СВА) барып, медицина қызметкерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Ауылдағы орта мектепке барып, білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта жоба конкурсқа берілген, мердігер ұйым анықталу сатысында. Бұл мәселе партияның тұрақты бақылауында болады.

 

https://www.instagram.com/nurpeisov1069/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1023368?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version