«25» маусым күні Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы аумағында терроризмге қарсы Шыңғырлау аудандық жедел штабымен «Шыңғырлау-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1024371?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау