ТҮЙЕ БАЛУАН ТҮЙЕ ҰТТЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮЙЕ БАЛУАН ТҮЙЕ ҰТТЫ!
Сырымдық балуан Мерей Бердіғали Жалпақтал өңірінен олжалы оралды.
Кешегі аптада Қазталов ауданы, Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында Қатеш қажының 150 жылдығына орай ас берілді.
Ас басында халық балуан күрестіріп, “Кімде – кім түйе балуандар арасында жеңіске жетсе, сыйлығы – түйе болсын!” – депті.
Айтқандай, сырымдық Мерейдің бабы мен бағы қатар келе қалып,алысқанын жығыпты. Уәде – уәде!
Жалпақталдық ағайын Мерейге түйені бұйдасынан ұстатып жіберді. Сүйінші хабарды сол жақтағы ақын бауырымыз Естеміс Мұхамбетов жеткізді. Бәрекелді деп бірлігін байрақ қылған жұлдыздықтардың жомарттығына разы кейіпте қалдық.
Айта кетейік, Мерей Бердіғали бүгінде А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресі үйірмесінде жаттықтырушы болып еңбек етеді.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1020969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version