Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан тәлім-тәрбиені насихаттау мақсатында «Шежіре – өнер, тәлім отауы» әжелер үйірмесінің ұйымдастыруымен «Баланы бесікке бөлеу» салт-дәстүр көрінісі өткізілді.
Шара барысында әжелер салт бойынша бесікті әзірлеп, сәбиді бесікке бөлеп, оған қатысты ырым-тыйымдар мен бата-тілектерді айтты. Қатысушыларға бұл рәсімнің тәрбиелік мәні мен ұлттық құндылық ретіндегі орны кеңінен түсіндірілді. Іс-шара көрермендер тарапынан қызығушылық тудырып, жылы әсер қалдырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1024600?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау