Қарыздан – жаңа өмірге: «Қайта бастау» жобасы Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына қалай көмектесуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында «Қайта Бастау» пилоттық жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп, енді бүкіл өңірге масштабталды. Жоба несиелері бойынша үлкен қарыздары бар және қаржылық проблеманы өз бетінше шеше алмаған адамдарға көмектеседі. Мұндай отбасылармен нақты жұмыс жүргізілуде: қаржылық сауаттылықты оқытуға және жұмысқа орналасуға баса назар аударылады.

Пилот ретінде алғашқылардың бірі болып Бұқар жырау ауданы таңдалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 500-ден астам ауыл тұрғыны қолдауды пайдаланып, олардың жартысы өз несиелерін толығымен жапты. Басқалары бірлескен іс-қимыл туралы шарттарға қол қойып, кесте бойынша қарыздарын төлейді. Кейбіреулері қайта құрылымдауды немесе соттан тыс банкроттық рәсімдеді.

Тағдыры әртүрлі болғанымен, борышкерлерді үмітсіздік, болашаққа үреймен қарау, балалар алдында кінә сезімдері байланыстырады.

Бір ғана мысал: ажырасқаннан кейін бір әйел алты баласымен қалды – төрт кредиті бар және сенетін ешкімі жоқ, оның үстіне баспанасыз.

–  Мен әр қоңыраудан қорықтым. Банктер, коллекторлар… Балалар менің түнде жылап отырғанымды көрді, ал таңертең қайтадан балаларымды асырау үшін бір амал-әрекет жасауға кірісемін, – деп еске алады әйел. – Алимент алған жоқпын. Мүгедек баланы емдейтін мүмкіндік болмады. Несиелерді бірінен соң бірін алуға тура келді.

Біреу көмек қолын созады деген үмітпен ол Amanat партиясына жүгінді. Онда оған «Қайта бастау» жобасы туралы айтқан.

Одан кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар жинауға көмектесті. Көп балалы ана жәрдемақы ала бастады, ал әкімдікте оған тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Ол тегін психологиялық көмек алып, қаржылық сауаттылық курсынан өтті. Бұдан бөлек, шаштараз мамандығын меңгерді – енді ақша табуға мүмкіндік бар.

Қазір соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін құжаттарды рәсімдей бастады.

Тағы бір жағдай: көп балалы ана студент балаларына көмектесу үшін шағын несие алған. Қарызы аз – 80 мың теңге, бірақ оны өтеуде қиындықтар туындаған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ол қоғамдық жұмысқа орналасып, бірінші жалақысынан несиесін жапты.

Жоба бойынша несие мерзімі 90 күннен асатын қарызгерлерге көмек көрсетіледі. Бірінші қадам – борышкердің қаржылық жағдайын тұрақтандыру. Осыдан кейін оған банкпен немесе микроқаржы ұйымымен өзара қарым-қатынасты реттеуде көмек көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1024457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version