САРЫАҒАШ: БІЗ ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін “26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне” орай Сарыағаш ауданында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» атты спорттық сайыс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сайысқа пробация есебіндегі жастар, полиция қызметкерлері және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Қатысушылар арқан тарту, ләңгі тебу, гір көтеру, кіші футбол және қошқар көтеру сияқты ұлттық-спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Іс-шараның ашылуында жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров пен пробация бөлімінің басшысы, әділет майоры Н.Аширов қатысушыларға сәттілік тілеп, спортты серік етуге үндеді.

🏆 Нәтижесінде:
• І орын – «Алаш» командасы
• ІІ орын – «Оқ жетпес» командасы
• ІІІ орын – «Бүркіт» командасы

Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сарыағаш ауданында 14-35 жас аралығындағы 103 жас пробация есебінде тұр. Оларды қоғамға бейімдеу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру – басты міндеттердің бірі. Осындай іс-шаралар жастардың әлеуметтік ортаға оңай сіңісуіне ықпал етеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1025253?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version