ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиында мемлекеттің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, Түркістан облысы әкімінің грамотасы мен алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойыша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев та үздіктерді марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік іс-шарада Түркістан облысындағы мәдениет және өнер ұжымдарының әншілері мен бишілері, күйшілері өнер көрсетіп, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1024434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version