Жамбыл ауданы бухгалтерлерімен жұмыс кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 24 маусымында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының жиналыс залында Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарының бухгалтерлерімен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Н.М. Сапаров «Жамбыл ауданының қазынашылық басқармасы» РММ басшысы А.М. Қазбаева, маслихат аппаратының өкілдері мен әкімдіктің экономика және қаржы бөлімі мамандарының қатысуымен өткізді. 

 

Қаралған негізгі мәселелер: 

✔ «2025 қаржылық жылға бюджетті орындау және оның кассалық қызметі ережелерінің» нормаларын түсіндіру (баяндамашы – «Жамбыл ауданының қазынашылық басқармасы» РММ басшысы А.М. Қазбаева). 

✔ Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу ережелеріндегі өзгерістер (баяндамашы – маслихат аппаратының бас маманы Г.Қ. Молдағалиева). 

✔ Мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін мәслихат шешімдерін дайындау және бекіту тәртібі (аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерін МОИП арқылы бекіту) (баяндамашы – маслихат аппаратының басшысы К.Қ. Жаңбыршина). 

 

Сонымен қатар, келесі мәселелер талқыланды: 

🔹 2025 жылдың 1-жартыжылдығына бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін орындаудан күтілетін нәтижелері; 

🔹 ЖӨБ коммуналдық меншікті басқару; 

🔹 2025 жылғы мемлекеттік сатып алулар. 

 

Кеңес бухгалтерлердің негізгі қаржылық процестер бойынша білімдерін жаңартуға және құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1024795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version