ГАЗЕТТІ СҮЙСЕҢ ЗЕЙНОЛЛАША СҮЙ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ГАЗЕТТІ СҮЙСЕҢ ЗЕЙНОЛЛАША СҮЙ!
Күні ертең – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Газет жазатын қауым үшін медаль, марапаттан артығы – бір адамның болса да газетке жазылғаны, оның жазуына сенгені, оқырмандар қатарында қалғаны.
Бұл жағынан келгенде әдебиеттанушы ғалым Зейнолла Мүтиев мұқият. Міне, кеше Зейнолла ағамыз бас – аяғы 16 бірдей түбіртек жіберіпті.
Сөйтсек, өз қалтасынан Аралтөбе, Қызылағаш және Жамбыл ауылдарындағы мектептерге бес данадан “Сырым елі” газетін жаздыртыпты. “Сырым елінің” тағы бір данасы аялдайтын мекен ретінде өзінің үйін белгілепті.
Сөйтіп, ҚР білім беру ісінің қызметкері, ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Сырым ауданының құрметті азаматы М.Өтемісов атындағы БҚУ-інің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Жақсылықұлы аудан басылымының шынайы жанашыры екенін көрсетіп отыр.
Оқу мәдениетін жоғалтудың арғы жағында ұлттың сапасыздануы тұрғанын басқа түсінбесе де Зейнолла ғалым түсінеді. Өзі де қаламын қолын тастамаған, үнемі шұқшиып жазу үстінде отыратын, жазудан шаршаса кітап, журнал парақтайтын, қағаздың парқын білетін кісі.
Ағаның туған жерінің төл газетіне деген қолдауына бек ризамыз. Газетті сүйсең Зейноллаша сүй!
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
редактор
Бүгін “Сырым елі” газетіне жазылудың соңғы күні. Осыған дейін қолыңыз тимей кейінге қалдырып келсеңіз, бүгін газетке жазылып тастаңыз!
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1025745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version