ХАЛЫҚ СЕНІМІ – БАСТЫ МІНДЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сайлауалды уәде – жай ғана сөз емес, халық алдындағы сенім мен жауапкершіліктің салмақты көрінісі. Осы орайда, бүгін Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі осы сенім мен іске адалдықты басты назарға алды.
Мәжіліске облыс көлеміндегі мәслихат төрағаларымен қатар, Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық мәслихаты, фракция жетекшісі Ерболат Жабаев қатысты.
Күн тәртібінде – 2025 жылға арналған
сайлауалды бағдарламалардың орындалуы мен жол картасындағы жұмыстардың барысы. Сондай-ақ депутаттық этика, бастауыш ұйымдармен байланыс, әлеуметтік желідегі белсенділік және атқарушы органдарға жолданған депутаттық сауалдардың нәтижесі де кеңінен қаралды.
Аталған мәжілісте «AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының алдында Түркістан, Кентау, Түлкібас және Сайрам аудандарының фракция жетекшілері мен Төлеби аудандық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Ерболат Жабаев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Бұл жиын – сайлауалды міндеттемелердің тек есеп үшін емес, ел игілігі үшін жүйелі атқарылып жатқанын көрсететін маңызды алаң болды. Бірлескен жұмыс пен ашық диалог – халықтың сенімін ақтаудың басты жолы.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1025414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version