Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Маусым 27, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Көкшетауда медиа саласының дамуына қосқан үлесі үшін журналистер марапатталды

Жарияланды:

27/06/2025 15:01

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Ақмола облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл күні өңірдің үздік журналистері ерекше құрметке ие болды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

Бүгінде өңірде 90-ға жуық бұқаралық ақпарат құралы мен республикалық телеарналар мен басылымдардың 20-ға жуық меншікті тілшісі жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс пен ашық диалогты дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Журналистерді құттықтай отырып, облыс әкімі олардың кәсіби шеберлігін, адалдығы мен өз ісіне жауапкершілігін атап өтті.

«Журналистика – абыройлы әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін сала. Ақмолалық журналистер – өз ісінің хас шеберлері, кәсіби биіктен көрініп жүрген, ұлтқа қызмет етуді мұрат тұтқан азаматтар. Сіздер өзекті мәселелерді көтеріп, қоғам үшін маңызды тақырыптарды жариялап, маңызды ақпаратты жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер», – деді Марат Ахметжанов.

Іс-шара барысында кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар журналистер марапатталды. Атап айтқанда, «Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы Зарина Беккалиева мен «Зерен» аудандық газетінің бас редакторы БАҚ саласындағы Президент грантының иегері атанды.

Журналистика ардагері Сайлау Көшкен «Парасат» орденімен марапатталды. «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, сондай-ақ «Есіл нұра» және «Вестник Акмола» басылымдарының редакторлары «Құрмет» орденіне ие болды.

Сонымен қатар белгілі журналист әрі жазушы Жабал Ерғалиевтің де еңбегі жоғары бағаланып, ол «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

«Журналист болу – тек мамандық қана емес, үлкен жауапкершілік. Біз адамдардың ақпарат алуына, түрлі көзқарасты түсінуіне жағдай жасаймыз. Журналистиканың арқасында қоғам сауатты, көзі ашық әрі саналы болады», – деді Қайырбай Төреғожа.

Салтанатты шарада биыл 15-рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Арқа төрі – Ақмола» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Жүлдегерлерге 300 және 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында тілшілер, редакторлар мен телеоператорлар бар.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1025692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Онлайн-кеңес
Next: ЖИ-құқықтық кеңесші порталының қызметі жайлы ақпарат Қызылорда қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің LED тақташасына орнатылды→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version