Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Тумашинов Эльдар “Глубокое ауданының 2025 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы”тақырыбында брифинг өткізді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Глубокое ауданының 2025 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

Глубокое ауданы мерейтойын атап өтуде: ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға арналған жаңа жобалар

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының 60 жылдығына орай елді мекендерді жаңғыртуға, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

⸻

Өнеркәсіпті дамыту – экономиканың қозғаушы күші

Ауданда экономикалық өсім қарқыны тұрақты сақталуда. Негізгі бағыт – өнеркәсіп саласы.
Жоспарланған жобалар:
• Алтайский ауылындағы Ертіс кенішінде екінші кен орнын игеру («Востокцветмет» ЖШС);
• «Анисимов ключ» кен орнын ашу және игеру («Анисимов ключ» ЖШС);
• Глубокое кентіндегі мыс зауыты қалдықтарындағы техногендік минералдарды өңдеу («East Mineral Resources» ЖШС).

⸻

Әлеуметтік нысандар – әр ауылға

2025 жылы Белоусовка кенті мен Опытное поле ауылында әрқайсысы 600 орындық екі заманауи мектеп ашылады.
Сондай-ақ іске қосылады:
• 3 дәрігерлік амбулатория,
• 1 фельдшерлік-акушерлік пункт,
• 1 медициналық пункт.
Белоусовка кентінде мәдениет үйінің құрылысы басталды.

⸻

Жолдар – дамудың негізі

Соңғы төрт жылда аудандық маңызы бар жолдар жаңартылды.
2025 жылы республикалық трассаларда жөндеу жұмыстары жалғасуда:
• «Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы»
• «Өскемен – Риддер»

⸻

Жылу және ауыз су – негізгі қажеттілік

Аяқталған жобалар:
• Глубокое кентінің жылу жүйесін жаңғырту
• Малоубинка және Степное ауылдарында су құбыры жүйесін жаңарту
Бобровка ауылында жұмыстар жалғасуда.

⸻

Туризм – болашағы зор бағыт

Ауданда 19 туристік нысан жұмыс істейді.
Дамып жатқан жобалар:
• Горная Ульбинка ауылында туристік кластер құру
• «The Forest» мейрамханасы жанында SPA-орталық, қонақүй, бассейн салу
• Предгорное ауылында жол бойы қызмет көрсету нысандары (дәмхана, ТҚКС)
• Быструха ауылындағы «Заречье» эко-отелін кеңейту

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1025893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version