Петропавл қаласының көпқабатты үйлерінің аулалары арасында “Үздік аула” байқауы жарияланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауға Петропавл қаласының барлық тұрғындары, төрағалары (ПИК, МИБ, ЖС және т.б.) қатысуға құқылы.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді Петропавл қаласы үйлерінің өкілдері, тұрғындары, төрағалары (ПИК, МИБ, ЖС және т. б.) homeinspection15@gmail.com электрондық поштасы арқылы
ағымдағы жылдың 4 шілдесіне дейін ұсынады.

Өтінішке қоса беріледі:
Фотосуреттер (абаттандыруға дейінгі және абаттандырудан кейінгі), бейне (міндетті емес), кемінде 5 дана,
Жұмыстардың және тартылған ресурстардың қысқаша сипаттамасы, шығыстар сметасы (бар болса).
Конкурстық жұмыстар критерийлер бойынша бағаланады. Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді сол жерге барып қарайды.

Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/1025563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version