Сайлау бойынша оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 маусымда Бесқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңсесінде 2025 жылға арналған каскадтық оқыту жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы: ерекшеліктері мен жүзеге асыру кезеңдері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға АСК мүшелері қатысты. Семинар барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Баталов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, қала және аудан әкімдерін сайлаудың ерекшеліктері мен кезеңдерін түсіндіріп, сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1025763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version