ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымдық мәселелер, жеке кәсіпкердің мәселесі, санитарлық тазалық, сондай-ақ қоғамдық көлік бағыттары жөнінде өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан басшысы азаматтардың сауалдарына жауап бере отырып, әрбір мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
«Тұрғындар көтерген әрбір мәселе – біз үшін маңызды. Барлық ұсыныс-тілектер заң аясында, өзара келісіммен шешіледі», – деп атап өтті.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкімімен ашық сұхбаттасып, мәселелер шешімін тапты.
Ашық диалог – тиімді басқарудың негізі!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1025640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version