Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ақтау қаласының 11-шағын аудандағы №4 және 10 мектептер аумағына жаңадан көлік тұрағын салу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байпақов халықпен кездесуде айтты.
– Көлік тұрағынының негізі дайындалып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қалған болатын. Бұл жұмыстарды биылғы шұңқырлы жөндеу жұмыстары аясында іске асыруды жоспарлап отырмыз, деді қала әкімі.
Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып 11 ш/а 13, 14 тұрғын үйлердің жанындағы 2 бағыттағы автокөлік жолын кеңейту және автотұрақ салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде «Мамандандырылған IT-лицейі», №10 мектеп және «№4 ерекше балаларға арналған балабақшасы» жанындағы кептелісті жоюға мүмкіндік береді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1026266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау