Ақтауда жаңа шағын аудандарды электр энергиясымен қамтитын жоба құрылысы аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала аумағындағы электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында, қуаттылығы 110/10 кВт болатын екі қосалқы ХАБ-1 жəне ХАБ-2 станциясының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Аталған ХАБ-1 ден қаланың 13 жаңа шағын ауданына (18, 18А, 19, 19А, 20, 20А, 36-42 ш/а) электр желісін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды. 193 шақырым электр кабелі жүргізілді

– Қаламыздағы трансформаторлардың электр жүктемесін азайту мақсатында 20 дана трансформаторлық станцияларды жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1026260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version