Түркістандық зейнеткер полицейлерге жеке куәлігін рәсімдеуге көмектескені үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің полицейлері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды құжаттандыру бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп, олардың тұрғылықты жеріне барып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетіп келеді.
Мәселен Сайрам ауданының қарт тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығына және көші-қон қызметіне құжат мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа жеке куәлік алу туралы өтінішпен жүгінді. Полицейлер зейнеткерге қажетті көмекті көрсетіп, жаңа куәлікті рәсімдеп, дайын құжатты үйіне арнайы апарып тапсырды.
– Мен денсаулығыма байланысты жеке куәлікті ауыстыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмадым. Ал Сайрам аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері менің жеке куәлігімді алуға өтінішімді қабылдап, оны үйге әкелді. Мен сізге өте ризамын. Сіздерге жұмыста сәттілік тілеймін!”, – деді Шырынкөл Темірбаева.
Жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өтініштер негізінде 50 азаматқа қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызмет ұсынған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1026107?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау