Бақылау – сапалы жұмыстың кепілі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бақылау – сапалы жұмыстың кепілі!
Бүгін “Қарлығаш” бөбекжайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысын аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Джангереева, бас есепші С.Есниязова, әдіскерлер А.Кенжегалиева мен Н.Жаскалиева арнайы барып қарап шықты.
Нысанда атқарылып жатқан әрбір жұмыс жіті назарға алынып, сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне баға берілді.
Бөбекжайдың ішкі-сыртқы көрінісі, жылу жүйесі, санитарлық жағдайы және ойын алаңдарының жаңартылуы басты назарда болды.
Ғимараттың ішкі қабырғалары жаңартылып, жылыту жүйесі мен электр желілері ретке келтірілуде;
Топ бөлмелерінің интерьері заманауи талаптарға сай безендірілуде;
Асхана мен санитарлық тораптарға ерекше назар аударылуда;
Аулада балалардың ойын алаңдары жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықтар орнатылуда.
Бұл жұмыстардың барлығы – балапан балдырғандардың алаңсыз ойнап, білім мен тәрбие алуы үшін жасалып жатқан игі бастама.
Жақында толықтай жаңарған бөбекжай есігін айқара ашып, кішкентайларды қуана қарсы алатын болады.
#ҚарлығашБөбекжайы
#ЖөндеуБақылауда
#БілімБөлімі
#БақылауЖұмыстары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1025936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version