ҚМА өкілі Түркі мемлекеттері ұйымының қаржы барлау форумына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 26 маусымда Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Раисов Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қаржы барлау бөлімшелерінің ІІ форумына қатысты. Шара Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті

Форумда цифрлық активтердің қылмыстық мақсатта қолданылу қаупі және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Қаржылық барлау бөлімінің басшылары алғаш рет бас қосты. Онда форум қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды. Құжатта тараптар ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ осы бағыттағы зерттеулерді қолдауға арналған бірлескен бастамалар мен бағдарламалар әзірлеу мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті екенін білдірді. Агенттік АҚ/ТҚ саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1025955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version