Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының 2025 жылғы іс-шараларын жүзеге асыруға байланысты “Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша оқыту өтті. Оқыту сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу және ескерту мақсатында өткізілді.
Оқыту барысында күнделікті жұмыста орын алатын мәселелер қозғалып талқыланды. Мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының мәнісі мен мазмұны түсіндірілді. Бас маман А. Абдулданова сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарынан туындайтын құқықтық жауапкершілікті айтып өтті.
Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлық әрекеттірін алдын алу және оны жоюға қажетті шаралар қолданады, сондай-ақ негативті әрекеттердің алдын алу мақсатымен қызметкерлердің арасында нысаналы жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1025932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау