Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл деректі фильм
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде Кеңес Одағының батыры, жауынгерлік ерлігімен ел есінде мәңгі қалған қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған тағылымдық шара өтті.
Шара барысында мәдениет қызметкері батыр қыздың өмір жолы мен ерлікке толы қысқа ғұмыры туралы баяндама оқып, оның Отанға деген сүйіспеншілігі мен жауға қарсы күрестегі ержүректігін жастарға үлгі етті.
Сонымен қатар, шараға жиналғандарға Әлия Молдағұлова туралы деректі фильм көрсетіліп, қатысушылар батыр қыздың шынайы бейнесімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Фильмде архивтік материалдар, майдангерлердің естеліктері және тарихи деректер қамтылды.
Шараның мақсаты – елін сүйген ер жүрек қазақ қызының ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1026457?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау