2025 жылдың 30 маусым күні сағ. 10:00 – 14:00 аралығында Астрахан ауданы Астрахан ауылында, Астрахан аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Астрахан-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Астрахан аудандық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1026560?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау