ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ІС ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 26 маусым күні Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Әл-Фараби ауданының орталық саябағында «Есірткіге жол жоқ» атты кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, аудандық прокуратура, аудандық полиция басқармасы, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы және ерікті жастардың қатысуымен бірлесе өткізді.

Шара барысында сала мамандары нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға алдын алу шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ерікті жастар аудан аумағындағы есірткі жарнамаларын өшіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамның салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін бастамаларды қолдауға белсенді үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1026678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version