Комитетте төраға орынбасарын зейнетке шығуымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитет ұжымы төраға орынбасары Қожапова Роза Абзалқызын лайықты демалысқа шығуымен құттықтады. Комитет төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова көп жылғы адал еңбегі үшін алғысын білдірді.
Роза Абзалқызы өмірінің 35 жылдан астамын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке арнады. Еңбек жолын 1988 жылы Талдықорған облысы Андреев ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастаған. Жұмыс істеген жылдары мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды, соның ішінде Комитеттің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасына басшылық етті. 2025 жылдан – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
Роза Абзалқызы көп жылдық кәсібилігі мен жанқиярлығының арқасында саланың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Комитет ұжымы осындай кәсіпқоймен бірге жұмыс істеп әріптес болғанына, о кісіден мол тәжірибе алғанына риза.
Роза Абзалқызына зор денсаулық, өмірінің жаңа кезеңінде бақыт тілейміз. Салаға қосқан үлесі мен адалдығы үшін алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1026949?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version