СҰХБАТ: Энтеровирустық инфекция туралы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энтеровирустық инфекция дене температурасының 39-40 градусқа дейін көтерілуінен басталады. Қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, кейде іштің ауыруы, ауыр жағдайларда – құрысулар мен сананың бұзылуы, жоғарғы тыныс жолдары тарапынан айқын емес катаральды көріністер пайда болады.
Эн️теровирустық инфекцияның алдын-алу шаралары кез-келген жедел ішек инфекциясымен бірдей — келесі ережелерді сақтау қажет:
– ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
– әр тамақтану алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
– жемістер мен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуып, одан кейін қайнаған сумен шаю;
– тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылу, суға түскенде суды жұтып қоймау;
– салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі қарапайым алдын-алу шараларын сақтау оңайырақ!
Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.

Бұл туралы 5 арнаға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова айтып берді, толығырақ мына сілтемеден қараңыз https:https://www.youtube.com/watch?v=gA7ryewJy4E

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1026657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version