Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған «Jas Keñes Siylığı» тәуелсіз жастар сыйлығының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сыйлықтың мақсаты – күнделікті жұмысы мен еңбек үлесі көпшіліктің назарынан тыс қалатын, қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін (басшылық лауазымдарда емес) жас мамандарды көтермелеу.
Сыйлық 2024 жылдан бастап жыл сайын бірнеше номинациялар бойынша, соның ішінде, сіздің жетекшілік ететін қызмет салаларыңыз бойынша беріледі:
«Qaisar» – авариялық-құтқару қызметі, өрт сөндірушілер және азаматтық қорғаныс жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін.
Сыйлыққа үміткер болу үшін Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған азаматтары қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді 2025 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында https://jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады.
Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинациядан 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1027562?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау