Ағымдағы жылдың 30 маусым күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нуршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық білім саласы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нейлягүл Нарболова саналы ғұмырын білім саласына арнаған Әсия Телеуованың шаңырағында болып, 90 жас мерейтойымен құттықтады.
30 жылдан астам уақыт бастауыш сыныптың мұғалімі болып ұстаздық қызмет атқарған Әсия Құмарқызына аудан әкімі Н.Даумов пен қоғамдық бірлестіктердің атынан құттықтау хат табысталып, камзол үстіне камзол кигізіліп, иығына орамал жабылып, жылы лебіздер айтылды.
Қуанышты күнде облыстық білім басқармасы мен аудандық білім беру бөлімі басшыларынан атынан да құттықтау хат пен естелік сыйлар табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1027240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау