Прокуратура жасөспірімдерді қайта әлеуметтендіру бойынша семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 маусымында облыс прокуратурасы Бас Прокурордың тапсырмасын және облыс прокуратурасының «Рецидивтің алдын алу» жобасын орындау шеңберінде пробация және жергілікті полиция қызметі есебінде тұрған адамдармен, сондай-ақ соттылығы жойылған адамдармен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды әлеуметтендіру және бейімдеу» тақырыбында семинар өткізді.

Сотталғандармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдері қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдер мен балаларды қолдау.

Іс-шара барысында олардың жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту және рецидив қаупін азайту және оларды сәтті қайта біріктіру үшін құқықтық қолдау бағдарламалары талқыланды.

                                 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1027424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version