Жасанды интеллект – өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып бара жатыр. Күн тәртібіндегі басты сұрақ – Қазақстан бұл жаңа дәуірде қандай рөл атқарады? Дайын шешімдерді тұтынушы болып қала ма, әлде технологиялық болашақтың белсенді қатысушысына айналады ма?
Сіздерді AI-SANA митапына шақырамыз! Бұл шарада Қазақстандағы AI-бастамалардың нақты қадамдары талқыланады. Қатысушыларға нақты кейстер, сарапшылардың пікірлері және мемлекет, бизнес, IT-сала мен білім беру өкілдері арасындағы ашық пікірталас ұсынылады.
Өтетін уақыты: 4 шілде, сағат 09:00-де
Өтетін орны: Astana Hub, 1 этаж, Event hall
Кіру тегін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1028688?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау