25.06.2025 жылы Мақаншы ауданы, Қабанбай ауылының дәрігерлік амбулаториясының алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, тиісті дәріхана практикасы стандарттарын (GPP) сақтауға, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы (Лицензиялау, сертификаттау) семинар-кеңес ұйымдастырып өткізді.
Кеңеске дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық нарық субъектілері, медициналық мекеме қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылардың белсенді қатысуымен өзекті және проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1028132?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау