2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.
Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1028410?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау