АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Нұра ауданы әкімдігінде аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау барысында айтылған өзекті мәселелердің орындалу барысын талқылауға арналған жұмыс жиналысы өтті.

Жиын барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына, инфрақұрылымға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол жөндеу, жұмысқа орналасу және басқа да өмірлік маңызы бар салаларға қатысты көтерген мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Бұл мәселелер аудан әкімінің өткізген жеке қабылдауы кезінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын.

Аудан басшысы жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне әрбір тұрғынның өтінішіне мұқият қарап, оларды мерзімінде әрі сапалы орындауды тапсырды. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалуын жеделдету және бақылауды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

— Әрбір азаматтың өтініші – бұл біз үшін маңызды. Берілген тапсырмалар тек есеп үшін емес, нақты нәтиже көрсетуі тиіс. Сондықтан барлық өтініштер бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, орындалуы жіті бақылануы қажет, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер белгіленіп, тиісті бақылау тетіктері енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1028992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version