Өлеңті ауылдық округі жерлерінің аумағынан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 67, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабындағы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен ұсынылған өтініш пен материалдарды қарап:

  1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Тайбай ауылы жерлерінің аумағында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және телефон желісін пайдалану үшін аумағы 0,0091 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге жер учаскесін тартып алусыз қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы:
    • талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
    • жұмыс аяқталғаннан кейiн бұзылған жер учаскелерiн мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiруге мiндеттi.
  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-ulenti/press/news/details/1029464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version