ZOOM платформасы арқылы Абай облысы бойынша қалалық және аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 02 шілдеде Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында  Абай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова ZOOM платформасы арқылы Абай облысы бойынша қалалық және аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің қызметкерлеріне 2024 жылғы және 2025 жылдың 5 айының азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек шет мемлекеттермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттардың орындаулуын талдау бойынша семинар өткізілді.

          Әділет департаментінің мамандары АХАТ қызметкерлерін Конвенция негізінде Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құжаттарды талап ету бөлігінде құқықтық көмек халықаралық шарттардың орындалуы туралы талдауымен таңыстырылды.

          Жұмыс барысында АХАТ қызметкерлер  2002 жылы 07 қазанда Кишинев қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық  істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы  Конвенция және 1993 жылы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық  істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция қолданылатын қатысушы елдердің тізімімен қайта таңыстырылды.

          Сонымен қатар, азаматтық хал актілері саласындағы құжаттарды талап ету туралы тәртібі түсіндірілді.

Семинардың мақсаты: конвенцияларымен бекітілген халықаралық қатынастардың тәртібі мен талаптарын сақтау.

Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1029195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version