Аягөз ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде қосымша білім беру кабинеті ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің “С.Сейфуллин атындағы орта мектебі” КММ-де 2025 жылдың жаз айлары маңызды жаңалықтарға толы.
   1985 жылғы мектеп түлектерінің демеушілігімен мектепте жаңа қосымша білім беру кабинеті жасақталып отыр. Бұл кабинеттің ерекшелігі – оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Мұнда би, вокал, домбыра, шахмат үйірмелері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, оқушылар үшін қызықты кітаптар оқуға да мүмкіндік қарастырылған. Кабинет кең, жарық әрі тартымды етіп жөнделіп, ашылуға толық дайын. Жақын күндері құрал-жабдықтар орнатылып, ашылу салтанаты 2025 жылғы 11 шілдеде, түлектер кездесуі аясында өткізіледі.
   Сондай-ақ, бюджеттен бөлінген қаражат есебінен мектеп кітапханасы жаңғыртылып, жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл да оқушылардың білімге деген құлшынысын арттырып, жайлы оқу кеңістігін қалыптастыруға жол ашпақ.
   Жаз айларында жүзеге асқан осы екі маңызды жоба – мектеп өміріндегі үлкен серпіліс, ауыл тұрғындары мен оқушылар үшін үлкен қуаныш.
   Мектеп ұжымы атынан осындай игі істерге мұрындық болып, рухани демеу көрсеткен 1985 жылғы мектеп түлектеріне және білім саласы басшыларына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1029846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version