Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігінің қызметкерлері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаевтың “Еркіндік рухы” жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қатысушыларымен кездесуіне қатысты.
Өңірлерді қосумен гибридті форматта өткен іс-шараға бес жүзден астам адам қатысты. Павлодар облысы жастарынан комиссия құрамына Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестігінің төрағасы Рамиль Русланұлы Смаилов кірді.
Өз сөзінде омбудсмен Қазақстандағы Омбудсмен институтының қалыптасу тарихы мен жұмыс бағыттары туралы айтып, нәтижесінде “Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заң қабылданған конституциялық реформа шеңберінде болған өзгерістерге назар аударды.
Комиссия қатысушылары кездесу барысында адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз сұрақтарын қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1030075?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау