Бүгін қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков іріктеу кезеңінен өткен Бектасовтар отбасы мен Ариповтар жанұясын марапаттап, облыстық кезеңге жолдама берді.
Сонымен қатар Жорабаевтар жанұясына ерекше құрмет көрсетіліп, қайырымды шаңырақтың берекесі артсын деп арнайы номинация берілді.
Айта кетейік, Бектасовтар жанұясы – теміржол саласындағы 3 буынды отбасы. Жұбайы Бектасов Күмісхан теміржол саласында 44 жыл еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» төс белгісіне ие болған. Бектасова Ұлмекен теміржол саласында 25 жыл еңбек еткен. Бүгінгі күні зейнет жастағы ардақты ана. Отбасында 2 ұл, 3 қыз, 13 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Ариповтар жанұясы – білім беру саласының 3 буынды отбасы. Арипова Василя білім беру саласында 41 жыл еңбек етіп, бүгінгі күні зейнетке шыққан ардақты ана. Отбасында 5 қыз, 1 ұл, 20 немере тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Ариповтар отбасында 6 баласы да ұстаздық жолды таңдап, білім беру саласында қызмет атқаруда.
Ал Жорабаевтар отбасы өз балаларымен қоса мүмкіндігі шектеуші бірнеше баланы асырап, ел қатарлы білім беріп, қоғамнан өзіндік орын алуларына үлес қосып келеді.
– Алдағы уақытта Сіздер осы конкурстың облыстық кезеңінде өздеріңіздің отбасылық құндылықтарыңыздың арқасында жеңістен көрінеді деген сенімдеміз.
«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұлы мен қызы» демекші, мақтан етер ұрпағымыз көп болсын. Қазақтыңәротбасыныңкерегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын! Осындай қуанышты күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін, – деп ақ тілегін айтты қала әкімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1030307?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау