Құрметті екібастұздықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәслихат депутаттары атынан  сіздерді  Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің айғағына айналған бас қала елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін ай­шықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді және келешегі кемел, өрісі ырысты, болашағы жарқын халқымыздың қара шаңырағына айналды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.  Бас қаламыздың әлеуметтік – экономикалық өсіп – өркендеуіне қосқан қомақты үлес қосқан  барша екібастұздықтарға  ерен еңбектері  үшін алғысымды білдіремін.

Қадірлі жерлестер! Осынау тамаша мереке күні сіздерге  баянды бақыт, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

Ерке Есілдің жағасынан керегесін кең жайған Елордамыздың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биік болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1030313?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version